Австрия Қазақстанмен «жасыл» технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісуге әзір. ЭКСПО көрмесінің аясында Қазақстан мен Австрияның тұрақты технологиялар күні өтті. Жиын барысында күн энергиясы, «ақылды» қалалар құрылысы және гидроэнергетика бойынша семинарлар өтті. Бұл тұста Австрияның КарИнтия өңірінен келген ауқымды делегацияның айтары мол. Бұл провинция энергияның жалпы көлемінің 52 пайызын жаңартылатын энергия көздерінен алады.

 

ПЕТЕР КАЙЗЕР, КАРИНТИЯ ГУБЕРНАТОРЫ /АВСТРИЯ/:

 -  Біздің өңірдің компаниялары бұл форумда өздерінің технологияларын таныстырады. Үйлер құрылысы барысында энергия үнемдеу жолдары жайлы ақпарат береді. Сондай-ақ күн энергетикасы және энергия үнемдеуші жобаларды қаржыландыру бойынша кеңес бере алатын мамандар бар. Біздің өңір Оңтүстік Қазақстан аймағымен әріптестік орнатуды көздеп отыр. Былтыр тиісті келісімге қол қойылды.

 

РОЛЬФ ХОЛУБ, КАРИНТИЯНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ӨҢІРЛІК МИНИСТРІ /АВСТРИЯ/:

 - Гидроэнергетиканы дамытудың арқасында КарИнтия 2025 жылдан бастап электр қуатына тәуелді болмайды. Менің ойымша, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болуы үшін Қазақстан барлық баламалы энергия көздерін пайдаланады деп ойлаймын. Бұл үшін табиғи ресурс жеткілікті. 

 

Форум аясында екі ел бизнесмендері тығыз әріптестік орнатуға мүмкіндік алды. Әсіресе, қазақстандық кәсіпкерлер түрлі салада смарт-шешімдерді қолданатын австриялықтардың тәжірибесін қолдануға ниетті. Өзіміздің бай ресурстарымыз бен австриялық технологияларды тиімді пайдалануға тиіспіз,-дейді олар.

 

АНАРБЕК ОРМАН, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Австрияда шағын гидростансалар өте дамыған. Ал бізде шағын өзендер жетерлік. Олардың электр энергиясын ала аламыз. Біз Шымкент пен бірқатар елді-мекендерді сумен қамтимыз. Шамамен 1 млн адам. Австриямен байланыс орнатып, бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер