Инновациялық күн қуатының панельдері, арзан аккумуляторлар, теңіз толқыны қуатының генераторлары. Италияның Лацио аймағындағы ғалымдар Римде ЕХРО көрмесіне дайындаған 16 жобасын жұртшылық назарына ұсынды. Айта кетейік, олар көрмеге шілде айының соңында, Италияның өзге аймақтарынан кейін келіп қатысады. Ғалымдардың пікірінше, ең қызығы арзан әрі ұзаққа жарамды аккумуляторларды шығару технологиясы болмақ. Онсыз балаламалы энергияға көшу мүмкін емес, дейді олар.

 

ЛИВИО ДЕ САНТОЛИ, LA SAPIENZA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қазіргі кезде қуатты жинақтап, сақтаудың жаңа жүйелері аса қажет және олар арзан әрі тиімді болуы тиіс. Жаңғыртылатын қуат көздерін болжау мүмкін емес. Сондықтан оларды тұрақты пайдалану үшін электр жүйелерінде түрлі нұсқалардағы аккумуляторлар орнату қажет. Күн жарық беріп, жел соққанда, қуат жиналады, ал кейін оны кез-келген уақытта пайдалануға болады.

 

ГУИДО ФАББИАНИ, ЛАЦИО АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

 - ЕХРО-ға қатысу біз үшін өте маңызды. Өйткені көрме әлемдегі экономикасы ең қарқынды дамып жатқан елдердің бірі - Қазақстанда өтіп жатыр. Сондай-ақ, қазіргі тұста энергетика мәселесінің маңызы зор. Инновациялық жобаларымыз көп және біз елдеріңізбен ынтымақтасып жұмыс істеуге мүдделіміз. Ғалымдар, зерттеу орталықтары мен бизнес өкілдері арасында қарым-қатынас орнатқымыз келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер