Елордада роботтық техникадан республикалық сайыс өтті. Ұлттық чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы қатысты. Екі күн бойы балалар жасаған құлтемірлер футбол ойнап жарысты. Сондай-ақ, қатысушылар күн панельдерін құрастырып, жел электр станцияларын іске қосып, ағаш отырғызуға қабілетті роботтар құрастыруы тиіс. Бұл дода – халықаралық роботтар олимпиадасына іріктеу кезеңі. Үздіктерден ұлттық топ жасақталып, олар қараша айында Коста-Рикада өтетін сайысқа жолдама алады.

 

КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Біз Сочиге қатыстық. Сочиде үшінші орын алдық. Былтыр Нью-Делиде қатысқан кезде, ең престижный "жаңа идея" гран-приін алдық. Біздің команда Байқоңырда космосқа байланысты гран-при жеңіп алды.

 

ДАМИР ГИМАЛЕТДИНОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

 - Биыл халықаралық робот олимпиадасына Қазақстан деңгейінде екінші рет қатысып отырмын. Былтыр «Робот футбол» категориясы бойынша қатыссам, биыл «Негізгі» категроиясына қатысып отырмын. Осы олимпиадаға биыл қарсыластарымыз жақсы дайындалған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер