«Евровидение» жұлдызы, әлемге танымал виолончелшісі мен дарынды фольклорлық ансамблі ЕХРО-2017 көрмесінің меймандарын сербтік өнермен таныстырды. Дәстүрге сай халықаралық шара аясында Сербияның Ұлттық күні аталып өтті. Шетелдік өнерпаздар астаналықтар мен қала қонақтарын төл мәдениетінен сусындатты.

 

МАЙЯ МАНДРАПА ГАШИЧ, СЕРБИЯНЫҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған Ұлттық күнімізге мәдениетіміздің үздік үлгілерін іріктеп әкелдік. Уақыт шектеулі болғандықтан, таңдамалы бағдарламаға өнеріміздің әр қырын кірістіруге тырыстық. Онда біздің дәстүрімізден бастап заманауи өнеріміз қамтылған.

 

Көрмеге жиылған қауым сербиялық сахна саңлақтарының өнерін аса ықылас қойып тамашалады. Әсіресе көпшілікке жақсы таныс «катюша» әнінің әуенін виолончелге салған Елена Челоның бағдарламасы көрерменні тәнтті етті. Классикалық және заманауи музыканы үндестіріп жүрген виолончель аспабының хас шебері әлемге танымал. Сондай-ақ «Евровидение-2008» байқауының қатысушысы, Сербияның белгілі әншісі Елена Томашевичтің күміс көмей даусы тыңдарманын өзіне еріксіз елітіп, орына таңды.

«Лола» Академиялық мәдени-шығармашылық бірлестігі әуезді кештін көркін аша түсті. Этно-фольклорлық топ мүшелері дәстүрлі билері мен халық әндерін орныдап берді.  

 

«LOLA» АНСАМБЛІ:

 - ЕХРО-2017көрмесіне жиылған әлемдік қауымдастыққа өз өнерімізді көрсетіп, ұлттық мәдениетімізді насихаттауға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Туған халқымыздың дәстүрі мен салтын көпшілікке таныту біз үшін үлкен бақыт.

Концерттік бағдарламадан соң қонақтар Сербия павильонын аралады. Онда су мен желден, биоқалдықтардан баламалы қуат көздерін өндірудің инновациялық жолдары көрсетілді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер