ЕХРО-да Катардың ұлттық күні өтті. Мұнай мен газ қорына бай ел қазіргі таңда жаңғыртылатын энгергия көздеріне бет бұруда. Бұл табиғи ресурстарды сақтап, қоршаған ортаны қорғаудың бірден-бір жолы,-деді Катардың Сыртқы істер министрі. Оның айтуынша, Таяу Шығыс елі экономиканың мұнайы емес секторларына бағытталатын инвестиция көлемін арттыруды жоспарлауда.

 

СОЛТАН БИН СААД ӘЛ-МУРАЙХИ, ҚАТАРДЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Мен Қазақстанның ЕХРО сынды ауқымды көрмені өткізіп жатқанына қуаныштымын. Қазақстанның ұлттық павильонында болдым. Жоғары деігейдегі көрмелердің біразын көрдім. Бірақ олар Қазақстан павильонына жетпейді.

 

Катар павильоны «Жаңа энергетикалық мүмкіндіктер» тақырыбына арналған. Бұл жерде елдің баламалы энергия көздерін пайдаланудағы жетістіктері көрсетілген. Келушілер болашақ технологиялары мен күн энергиясын пайдалану жайлы мағлұмат алмақ. Катардың дәстүрі мен тарихы да көрініс тапқан. Маусымның онында басталған ЕХРО көрмесіне жалпы саны 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер