Әлемдегі ең шағын мемлекет ЕХРО-да өз павильонын ұсынды. Ватиканның идеясы – климаттың өзгеруі мен жер шарына төніп тұрған қауіпке назар аудару. Бұл үшін павильонда адамның экологияға тигізетін кері әсері айқын көрсетілген. Католик шіркеуінің Папасы Франциск өзінің мақаласында да осы мәселені қозғаған болатын. Интегралды экология – ЛаудАто Си тұжырымдамасы жұртшылықты қоршаған ортаға қамқор болуға шақырады.

 

ГВИДО ТРЕЦЦАНИ, ВАТИКАН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ВИЦЕ-КОМИССАРЫ:

 - Павильонға келушілер дәліз арқылы өтіп, түрлі суреттерді көре алады. Оларда энергияның бостан босқа ысырап болуын және адамның кесірінен қоршаған ортаның ластануын байқауға болады. Біздің мақсатымыз – осы өзекті мәселелерге назар аударту. Келушілер ой түйіп қайтады деген сенімдеміз.

 

ДИНАРА ЖҰМАҒАЛИЕВА, ГИД: 

 - Автобус сәуле панельдерінің көмегімен жұмыс жсайды. Ішінде компьютерлер орнатылған. Мұндай бірнеше көлік Үндістанда бар. Автобус  ішіндегі компьютерлер 1 сыныптың балаларына жетеді.

Сондай-ақ, Ватикан павильонында планетарийге де кіруге болады. Шағын болса да, бұл ел ЕХРО көрмесінің келушілеріне өзінің үлкен идеясын жеткізуде. Айту керек, Ватикан халықаралық мамандандырылған көрмеге 1951 жылдан бері қатысып келеді. Соңғы рет Миланда өткен ЕХРО-да ең үздік безендендірілген павильон сыйлығына ие болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер