ЕХРО көрмесінің Ұлттық павильонына баламалы энергияға қатысты қазақстандық 50-ге жуық ғалымның ғылыми жобасы қойылған. Соның бірі –алматылық Айнұр Исованікі. Тақырыбы-төменгі температурада нанометрлік қатты оксидті жанармай элементін алу деп аталады. Бұл жұмысты отбасылық деуге де болады. Себебі, ерлі -зайыптылардың екеуі де физика-математика ғылымдарымен айналысады. Олар осы жобамен 2012 жылдан бері айналысқан.

 

АЙНҰР ИСОВА, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Химиялық процесс негізі. Шағын ғана анодтан, электролиттен, катодтан тұрады. Анодтан берілген сутегі диффузияның әсерінен электрге айналады. Содан электр тоғы пайда болады.  0052 Отынның элементтерінің химиялық энергиясын электр энергиясына түрлендіру. Осы түрлендірілген энергияның пайдалы әсер коэфиценті 60 пайызға жетеді. Моблиьді стационарлы,дыбысы шусыз.

Электрохимиялық генератордың өлшемі шағын. Құрылысы модульді. Қуаты 1 килоВаттан 1 МегаВаттқа дейінгі әртүрлі генераторлардан қажетінше жоғары қуатты элекр станцияларын құрастыруға болады. Мұндай отын элементтерінде қолданатын газ мейлінше қол жетімді. Себебі кез келген газ түрлерін пайдалануға болады.

 

СЕРІКБОЛ ТОҚМОЛДИН, «ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА  ИНСТИТУТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - Одан шығатын выбростар бірнеше есе  аз болып келеді. кубамет объемнан шығатын қуат 1КВТ -тан асуы мүмкін. Қазір ондай станцияларды айта алмайсыз. Ол бәрі үлкен-үлкен құралдар. Ал, мұның көлемі кіші болып келеді.

 

Ғалымдардың айтуынша, экологиялық таза қатты тотықты электрохимиялық генератордың электр қуаты өте жоғары. Оны ауылшаруашылығы мен өндірістен өзге салаларда да пайдалану  тиімді. Автономды электр энергиясының бұл түрі – тасымалдауға жеңіл, дыбыстық шуы жоқ, әрі шағын. Бүгінде жоба жүзеге асыруға дайын. Қос ғалым ЕХРО-да өздерін қолдайтын инвесторлар табылады деген сенімде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер