Қапшағайдың табиғаты баламалы қуат көзін дамытуға өте қолайлы. Қалаға жылдың 265 күнінде күн сәулесі түсіп тұрады. Ал өңірдегі су қоймасының арқасында үнемі жел соғады. Аталған мүмкіндіктерді ел игілігіне жарату мақсатында қалада өндірістік қуаты 4,9 мегават 5 жел генераторы орнатылған. Биыл олардың санын көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ, күн сәулесінен энергия жинқтаушы 2 мегаваттық батареялар бекеті бар. Ол жылына қаладағы 1000 отбасын электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етуге қауқарлы. Болашақта баламалы қуат көзінің көлемін 200 мегаватқа ұлғайту жоспарланған.  

 

ЖОМАРТ МОМЫНБАЕВ, КҮН СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Біздің трансформаторларымыз жағынан кабель жағынан бізде сондай мүмкіншілік бар. Қапшағай қаласында осыдан 10 шақырым жерде бізде 500 га жер бар. Сонда 50 Мгв күн электр станция құрайын деп жатыр.

 

Баламалы энергетиканы дамытуға жеке кәсіпкерлер де атcалыса бастады. Алматыда экологиялық кеңсенің ашылуы – соның нақты мысалы. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын ғимарат заманауи технологиялармен жабықталыпты. Мәселен, мұнда тек күн энергиясынан алынған қуат көзі тұтынылады, жеделсатыға  жоғары көтерілгенде ғана қуат көзі керек. «Экожобаны жүзеге асыруға бес жыл уақыт кетті», - дейді кәсіпкер Максим Барышев. Кеңсені салуға 280 млн теңге жұмсалған. Кәсіпкердің жобалауынша, бұл шығын 7 жылда толық ақталуға тиіс.  

 

МАКСИМ БАРЫШЕВ, КӘСІПКЕР:

 - Орташа энергия шығынын айтсам. Қарапайым қуат үнемдемейтін кеңселер айына 350 мың теңгенің энергиясын пайдаланады. Біздің кеңсе ай сайын 70 теңгеге дейін ғана шығындайды. Яғни, бес есеге үнемді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер