EXPO көрмесі аясында Литва мемлекеті ұлттық күнін тойлады. Шара аясында бұдан өзге де литвалықтардың мәдениетінен хабар беретін бағдарлама ұсынылды. EXPO-да Балтық жағалауынан келген ғалымдар энергетика, жасыл химия, ядролық синтез, оптометрия саласындағы жетістіктерін көрсетеді. Ең басты жобаларының бірі – лазерді ғылымда пайдалану. Айта кетейік, әлемдегі әрбір оныншы лазер дәл осы Литвада жасалады.

 

РОМАС ЯНКАУСКАС, ЛИТВА ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

 - Біздің павильондағы орталық конструкияның қүрылысы өте күрделі. Ол 12 шақырымға жететін кабельмен жабдықталды.  Біз лазерді болашақ энергиясының сәулесі дейміз.  Мұнда лазердің мүмкіндіктері, оны қандай мақсатқа қолдануға болатындығы туралы ақпарат беріледі. Сонымен қоса қуаты аса жоғары батареяларды алып келдік. Оның барлығын келушілер өз көзімен көре алады.

Литва Еуроодақтағы 28 ел арасында «жасыл» энергияны пайдалану бойынша алда тұр. Елдегі күн батареялары жылына 73 ГигоВатт энергия өндірсе, жел электр станциялары сағатына 1,131 ТерраВатт энергия береді.  Жалпы, бұл ел халқы қоршаған ортаны ластамауға үлкен мән береді. Литваның шенеуніктері осы экоқозғалыстың басында.

 

КЯСТУТИС НАВИЦКАС, ЛИТВАНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

 - Біріншіден, бұл өте ыңғайлы. Және климатты ластамайды, экологиялық таза. Литвада жүргенде де жақын қашықтықтарға осымен жүремін. Көрменің тақырыбы бізге қатты ұнады. Менің ойымша болашақтың энергиясы, жел мен күннің  қуатында.

Астана EXPO көрмесі «жасыл» энергетикада жаңа жобалардың жүзеге асырылуына септігін тигізеді,-деп сенеді Литва өкілдері.

 

АНЖУС БУРБА, ЛИТВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІК ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛІ:

 - Мен келгелі көрмені шетінен арлап көріп жүрмін. Қазақстан павильонында да болдым. Сіздердің елдеріңіздің EXPO-аға ас мұқият дайындалғаны көрініп тұр. Қазақ жерінің табиғаты күн,жел, су энергиясын алуға өте тиімді дер едім. Тіпті ғарыш энергиясы да павильонда керемет көрініс тапқан. Қазақстандық ғалымдардың жобалары болашағынан көп үміт күттіренін баса айтқым келеді.

 

Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері орнаған. Биыл оған 25 жыл.  Бүгінде екі мемлекет арасында  сауда-экономикалық байланыс нығая түскен. Әсіресе, тауар айналымы, көлік қатынасы, логистика басым бағыт болып қала бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер