Жүгері. Астана ЕХРО көрмесіне қатысып жатқан Тайланд осы дақылды азық әрі электр энергия мен жанармайдың көзі ретінде қарастыруда. Бұл жай жоба ғана емес, қазірдің өзінде іске асырылып жатыр. Тайландта тұтынылынатын энергияның 20 пайызы жасыл технология бойынша өндірілуде. Биогаз, жанармай мен электр энергиясы. Тайланд мұны қант, өзгеде өсімдіктер тіпті жануарлардың қиынан да өндіріп отыр. Ерекше экспозицияның бірі Тайландта ғана өсетін Маңсаң палаң атты дақылмен байланысты. Одан негізінен ұн жасалады. Қалдығынан баламалы қуат өндіруге болады екен. Оны мына экраннан көруге болады. Павильонның соңғы залына қолөнер шеберлері жайғасқан. Мұндағы мынадай шағын кілем, ерекше кестеленген жастық, суретпен көмкерілген ыдыс-аяқ дейсізбе мына қолшатырларды да осыда отырған мамандар өз қолдарымен жасаған.

Енді жер аумағы небары екі шаршы шақырым болатын Монаконың ЕХРО-ға әкелген технологиялары жайында айтсақ. Олар қоқыстан газ алып, «Формула-1» көліктерін зиянсыз отын түрімен жүргізбек. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін экоүйлер бой түзейді.

 

МӘДИНА КУРДОБАЕВА, МОНАКО ПАВИЛЬОНЫНЫҢ МАМАНЫ:

 - Әр үй күн батареяларымен жабдықталады. Сонымен қатар бұл жерде жылу насостары болады. Олар теңіз суының жылуынан энергия өндіреді.

 

Монако – ғимараттардан бөлек түрлі салалар бойыншада зерттеуге басымдық берген ел. Олар жайлы кезекті қабырғадан танысуға болады. Қолыңызды экранға тигізсеңіз, барлығы шыға келеді.

 

АЙДОС НӘЛІБАЙ, МОНАКО ПАВИЛЬОНЫНЫҢ МАМАНЫ:

 - Олардың бірі жәнебірегейі экологиялық таза технологиялар. Бұл дегеніміз жарысатын көліктер таза отынмен жүреді. Келесісі қоқыстан энегияға деген проект. Монакодан шыққан қоқыстың бәрі зауытқа әкелініп жаңа қуатқа айналдырады.

 

Монако Астанаға әкелген тағы бір ерекше жоба – күн қуатымен жүретін вилосипед. Ол бір жағынан экологиялық өнім деуге болады. Себебі қаңқасы бамбуктан жасалынған. Ол әдеттегі вилосипед сияқты қозғалады. Тізгінде отырған адам шаршап жүрісін тоқтатқан бойда күннен алынған қуат арқылы техника өз жүрісін жалғастыра береді. Жылдамдығы сағатына 37 шақырымға дейін жетеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер