Голландияның инновациялар байқауы. Экологиялық жарыстың қорытындысы Астана ЕХРО көрмесіндегі Нидерланд Ұлттық күнінде жарияланды. Байқауға құрамында қазақ және голланд студенттерінен құралған 6 команда қатысқан болатын. Соның үшеуі ақтық сынға шығып, қортындысында «Уота Уайс» жобасы жеңімпаз атанды. Бұл жоба, Алматы қаласында суды қолданудың айналмалы жүйесін құруды ұсынады. Жобаны толығымен Нидерландының Сыртқы істер министрі қаржыландырады.

 

ЕРМЕК ЖҰМАШ, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Біздің шешіміміз осы айналмалы суды қаматамасыз ету бойынша. Бір жағынан таза суды қолжетімді қылу. Екінші жағынан жауын суын шаруашылыққа пайдалану. Басты айналмалы суды босқа кетірмей тиімді пайдалану. 

 

ХЭНК КАМП, НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Ең бастысы біз жобаның шынайлығына баса назар аудардық. Қазір суды ысыраптау, дұрыс пайдаланбау тұтас ғаламға ортақ проблема. Бүгін жеңіске жеткен жоба осы мәселені шешуге тырысады.  Біз ақша бермейміз, біз мүмкіндік береміз. Бұл жобаның иесі үшін үлкен әрі шексіз мүмкіндік.

 

Нидерланд Корольдігінің ЕХРО көрмесіндегі Ұлттық күніне Голландиядан арнайы қонақтар келді. Түрлі-түсті киім киген аниматорлар қонақтардың көңілін көтерді. Әсіресе, кішкентайлар мәз-мейрам. Ойын жеңімпаздарына қызғалдақтар елінен әкелінген гүлдер сыйға берілді.

САУАЛНАМА:

1. Голландия павильонынан шықтық. Жақсы павильон екен. Энергия алудан біз алдамыз деп отыр. Әсіресе, теплица жасау жағынан мықтымыз деп отыр.

2. Жаңа технологияларды көрдім. Өте таң қалдым. Жел арқылы, су арқылы адам баласына қуат алуға болады екен. Біз соның бәрін жүзеге асырсақ, халыққа кһп пайда келеді деп ойлаймын болашақта.

3. Онда нанотехнология жақсы көрсетілген. жақсы әсерде қалдым.

 

Нидерланд ел экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің көшін бастап тұр. Қазіргі таңда екі ел арасында бірлескен 900 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер