Жаңартылатын энергия көздерін енгізуді заманауи цифрлық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Қазақстанда бұл салаға айрықша басымдық берілген: елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленіп, ЕХРО-2017 көрмесінің алаңында әлемдік энергетиканың болашағы қалануда. Бұған қоса, елордадағы халықаралық көрмеде «Кремний алқабының бұрышы» ашылды. Онда цифрлы шешімдерді ұсынушы үздік компаниялар өздерінің озық әрі батыл жобаларын ұсынды. Мысалы, «ақшасыз қала» жобасы тұрғындарға көрсетілген қызмет үшін тың әдіспен төлеуге мүмкіндік береді.

 

ГЕНИЯТ ИСИН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ MASTERCARD ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

– Біз алматылық метрополитеннен бастадық, онда біздің жүйемен жолақыны турникетте төлеуге болады. Сіз метроға түсіп, оператордан жетонды сатып алмай-ақ, турникетте банк картасымен немесе телефоныңыздағы Apple Pay  жүйесі арқылы төлем жасай аласыз.

 

ӘСЕЛ ЖИЕНБАЕВА «ЗЕРДЕ» ҰАХ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

-  Қаланың әр тұрғыны әлеуметтік картамен қамтамасыз етіледі. Оның көмегімен сіз қоғамдық көлік ақысын ғана емес, кез-келген төлемдерді жасай аламыз. Барлық төлемдер бір картамен жасалады. СКЛ Бұл соңғы тренд, оны бүкіл әлем сынап жатыр. Ал біз болсақ, жыл соңына дейін Астанада сынап, келесі жылдан енгізуді көздеп отырмыз. Бұл «Цмфрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде қолға алынып отыр.

 

Сондай-ақ, «Кремний алқабының бұрышында» елордадағы «Smart City» жобасының шешімдері де ұсынылған. Солардың бірі –  қаладағы жарықтандыруды басқару. Астананың Қонаев көшесінде 200 шам қашықтықтан басқарылатын жаңа шамдармен алмастырылды. Жоба авторларының айтуынша, оның тиімділігі жоғары. Диодты жарықтандыруға көшудің өзінен электр қуатының 50%-ға жуығы үнемделеді.

 

ДМИТРИЙ ШУСТЕР CISCO КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОА ЕЛДЕРІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

 - Шамдардың жарығын ұлғайтып, азайтуға болады. Ал ең бастысы, қашықтықтан басқару арқылы біз электр энергиясын қосып, өшіруден бас тартамыз. Ал бағананы қосымша құрылғылар үшін, мысалы бейнебақылау камераларын, интернет құралдарын орнату үшін қолдануға болады.

ЕХРО-дағы «Кремний алқабының бұрышында» өз идеяларын таныстыратын компаниялар апта сайын ауысып отырады. Осылайша, көрме өтетін үш ай ішінде келушілер Қазақстанда енгізілген сандық жобалармен таныса алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер