Төмен көмірсутекті даму саласындағы соңғы жаңашылдықтар Астанада талқыланды. EXPO-2017 көрмесі аясында Дүниежүзілік ғалымдар конгресі өткен болатын. Оған Ресей, Жапония, Корея, Португалия, АҚШ сынды мемлекеттердің мамандарды мен сарапшылары қатысты. Қатысушылар қазақстандық «Жасыл көпір» жобасының маңыздылығын атап өтті. Әріптестік бағдарламасы тұрақты дамуға арналған БҰҰ конференциясының басты құжатына енген. Мақсаты – Еуропа, Азия және Тынық мұхиты өңірлерінде «жасыл» экономиканың дамуына қолайлы жағдай жасау. Бастаманы іске асыру 2030 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің, энергияның жұмсалуын 2 есеге азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесін орташа әлемдік деңгейге жеткізіп, көмірқышқыл газының шығуын кем дегенде 50 пайызға азайту көзделуде.

 

БАХЫТ ЕСЕКИНА, «ЖАСЫЛ АКАДЕМИЯ» ҒБО ДИРЕКТОРЫ:

 - 2018 жылдан бастап Энергетика министрлігі квоталарды сату жүйесін іске қоспақ. Қазіргі таңда бұл тәсіл жаңартылып отыр. Көміртек саудасына қатысатын кәсіпорындар үшін квотаны есептеудің жаңа коэффициенті белгіленетін болады. Жаңғыртылатын энергия көздері, төмен көміртекті технологиялар және инвестициялар тарту бойынша осындай жиындардан алынатын тәжірибе Қазақстан үшін аса қажет деп ойлаймын.

 

СЕРГЕЙ БОБЫЛЕВ, М.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ММУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Біздің экономикамызды шикізаттық және экспортқа негізделген деп айтуға болады. Бұл тұрғыда, көмірсутекті сатуды жалғастырғымыз келсе, экологиялық тұсына мән беруіміз керек. Жыл сайын талаптар қатаюда. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.

 

Елімізде 2050 жылға дейін төмен көмірсутекті дамудың жоспары әзірленген болатын. Онда парниктік газдардың шығуын азайту көзделген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер