«Финляндия жасыл энергия өндіруден әлемде 4-орында тұр. Технология мен табиғаттың үндестігін осы елден табуға болады. Финляндия аумағының 70% орман алқаптары алып жатыр. Астана ЕХРО көрмесіндегі павильонның құрылысына 600 тонна қарағай кеткен. Тақырыбы «Финляндия – таза энергия» деп аталады. Павильон 4 бөлімге бөлінген. Ең қызығы, фин халқы табиғи мүкті өз пайдасына жаратып отыр.

 

АҚБОТА БЕЙСЕНҒАЛИЕВА, ГИД:

 - Бұл құрылғы пингвин деп аталады. Оның негізгі мақсаты – теңіз толқындарын электр қуатына айналдыру. Бұл құырлғы сағатына 600 кВт энергия өндіре алады.» 00:39 «Финлянияда ағаштың табиғи өсімі өте жоғары. Үйлердің көбісі ағаш негізінде салынады. Барлық ағаш қалдықтары қайта өңделеді.

Ақылды қала. Финляндия – су мен желді айтпағанда, қоқыстан энергия алып жүрген озық ел.

 

ЕДІЛ ДӘУЛЕТИЯРОВ, ГИД:

 - Бұл павильонымыз ақылды қала деп аталады. Көріп тұрғаныңыздай, Фин елі қоқыстан энергия алады. Яғни, қоқысты жағып, одан биогаз алады.

Үшінші бөлім – сапалы немесе таза су деп аталады. Финляндия – өз халқын сапалы сумен толық қамтыған мемлекет. Және көшедегі кез келген шүмектен не құбырдан су алып іше беруге болады және оның сапасы бөтелкеде сатылатын судан еш кем түспейді. Бұл елді басқаша «мыңдаған көлдер елі» деп атайда, елде 186 мың көл бар.

 

САЯ ТӨЛЕУТАЕВА, ГИД:

 - Смарт су деген бар. Бұл деген судың шығынын өлшейтін құрал. Телефоныңызға судың шынығы туралы дерек жіберіп отырады.

Финляндия – сапалы су ғана емес, сапалы білімнің мемлекеті. Бұл елде мұғалімдердің дәрежесі де жалақысы да өте жоғары.

 

ЕДІЛ ДӘУЛЕТИЯРОВ, ГИД:

 - Барлық оқушылар да өскенде мұғалім болғысы келеді. Және мұғалімдердің дамуына барлық жағдай жасалған. Ең жақсысы өздеріне ұнайтын пәндерді ала алады. Музыка, спорт секілді.

 

СЕВЕРИ КЕЙНЯЛЯ, ФИНЛЯНДИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КОМИССАРЫ:

 - Павильонның архитектурасы табиғи заттардан жасалған. Бұл жерде 90 градуспен өлшенетін бұрыштар жоқ, яғни бәрі табиғаттағы секілді, қалыпқа бағынбайды. Павильонның құрылысы таза ағаштан тұрады. Мұндағы 4 бөліктің барлығы да энергиямен байланысты. Мысалы, біз білім - адамдар үшін таза әрі сарқылмайтын энергия деп білеміз.

Көрмеге Финляндиядан арнайы Санта Клаус та ұшып келді, оны жергілікті халық Йоулупукки деп атайды. Күннің ыстығына қарамастан, көңіл күйі жоғары екені көрініп тұр.

 

ЙОУЛУПУККИ, САНТА-КЛАУС:

 - Әрине ыстықтау. Бірақ, Финляндияда да мұндай ыстақ болады. Кішкентай балалар келіп сыйлық та сұрап жатыр. Менің сақалымды қызықтаушылар да көп. Бұл нағыз сақал, оны мен ешқашан кеспеймін.

 

Биыл қазақ-фин дипломатиялық қарым-қатынасына – 25 жыл. Осы аралықта қос ел арасындағы тауарайналымы 115 млн еуроға жеткен. «Финэйр» әуе компаниясы ЕХРО көрмесінің аясында Хельсинки-Астана бағытында тура әуе жолын арнайы ашты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер