ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесінде Бейжің аптасы ұйымдастырылды.

Жалпы, Қытай павильонында бұл елдің барлық қалаларының күндерін өткізу жоспарланған. Бейжің шаһары осы шаралардың тізбегін ашып отыр. Келушілер қаланың қазіргі кереметтерінен өзге, көне тарихымен де таныса алмақ. Бұған қоса, ЕХРО-ның халықаралық сахнасында Бейжің операсы мен ушу өнерінің шеберлері өз бағдарламасын әзірлеген. Ұйымдастырушылар Аспан асты елінің астанасына ғана тән ерекшеліктерді барынша қамтуға тырысқан.

 

ДЖАО ГУАНГЧАО, БЕЙЖІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМДІ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз осы мүмкіндікті пайдаланып Бейжің мен Астана арасындағы туристік саланы дамытуды мақсат етіп отырмыз. Түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылады. Келген астаналықтар мен басқа да шетелдік қонақтар Пекиннің өмір сүру салтын көріп қана қоймай, оны татып көруге де мүмкіндік алады.

 

Жалпы, Қытай елінің павильоны – ЕХРО аумағындағы ең ірілердің бірі. Бір мың шаршы метр аумақта озық технологияның сан түрі ұсынылған. Жарықты аз пайдаланатын тоңазытқыг, су мен электр энергиясын аз әрі тиімді жұмсайтын кір жуғыш машина да осында.

Аспан асты елі табиғаттың күшін ежелден пайдаланады. Мысалы, 960-1279 жылдары дәуірі жүрген Сун патшалығы суда үлкен ұршықтарды айналдырып соның қуатын пайдаланған. Ал 1405-1433 жылдары атақты қытайлық теңіз саяхатшысы Джен Хэ алып ағаш кемесінің желкенін көтеруге желдің күшін пайдаланып, Тынық мұхитының батыс бөлігіне 7 рет сапарлаған деседі. Ерте заманнан бастау алған үрдіс әлі де жалғасуда. Бүгінде әлемдегі ең ірі Санься су электр станциясы Қытайға тиесілі. Өткен жылы бұл станция сағатына 93 млрд киловатт знергия өндірген. Қытай алдағы 3 жылда көмір энергетикасынан мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр.

 

САУАЛНАМА:

 - Халық дәл осы павильонға келгісі келеді. Неліктен? Өйткені қазір басқаларына қарағанда бұл өте ерекше павильон. Сондықтан кезек те көп.

 - Көп нәрсе күтеміз Қытайдан болашақта қандай жаңалықтар енгізу керек. ЕХРО-ның мақсаты да сол ғой. Халық көп, кезек те көп.

 - Тарихи көршілеріміз – Қытай елі. Сонымен қатар, бұл павильонның ерекшелігі табиғи энергия көзін үлкен кинотеатрдан көрсету арқылы ерекшелініп отыр.

 

Астана ЕХРО көрмесіндегі Қытай павильонына келген қазақстандықтар осылай әсерлерімен бөлісуде. Айта кетерлігі, елордадағы ауқымды шараға 350 мың қытайлық келеді деген болжам бар. Бұған қоса, биылғы жыл Қазақстанда Қытай туризмінің жылы деп жарияланған. Шетелдік саяхатшыларға ЕХРО көрмесі ғана емес, ел аймақтарына да турпакеттер ұсынылып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер