ЕХРО алаңында үздік тәжірибелер аймағы орналасқан. Мұнда жиырмадан астам таңдаулы жоба келушілер назарына ұсынылды. Мәселен, өсімдіктен қуат өндіруді ойлаған барселоналықтар өсімдік жерден құнар алып қана қоймай, күн сәулесімен қоректенетінін алға тартып, әлгі қуатты қайта өндіріп алудың жолын іздепті.

 

ДИНАРА ҚАНАТҚЫЗЫ, КӨРМЕ ТАНЫСТЫРУШЫСЫ:

 - Біз білеміз күн шөптерге түскенде ол оның тамырларына енеді, және сонда электрон болып қалады. Бұл  электрондар бактериямен араласады да, бізге энергия береді, бұл технологияда тамырлардың астарында осындай панель болады. Осы панельдер энергияны өзінде ұстайды да, керек кезінде біз сол энергияна пайдалана аламыз. Мысалы, көріп тұрғаныңыздар осы энергия мында сақталған және де конпканы басқанда біз көре аламыз осы энергиядан қуат алған.

Динара Қанатқызы «өндірілген энергия ұялы телефондарды қуаттауға жетеді»,-дейді. Тіпті құтыдағы өсімдіктердің әрқайсысынан қуат алуға да мүмкіндік бар.

 

ДИНАРА ҚАНАТҚЫЗЫ, КӨРМЕ ТАНЫСТЫРУШЫСЫ:

 - Көріп тұрғанымыздай, міне тамырлардың астында орналасқан және осы тамырлардың астында тұрады да энергияны өзіне сіңіреді.

Ал ақтөбелік агроном Жарасқан Елеусізов «Қуат жоғалмайды. Жойылып кетуі мүмкін емес. Екінші бір түрде көрініс береді»,-дейді

 

ЖАРАСҚАН ЕЛЕУСІЗОВ, АГРОНОМ:

 - Күн түседі. Мынау жапыраққа түседі. хлорофил арқылы выработка жасайды. жерге анау ол арқылы энергия пайда болады. сол арқылы. Балалар соны көрсеткісі келіп отырған щығар.  Энергия ол жоғалмайды. Келген сәуле кетпейді де, қайтып келеді.

Ал мынау – скрузер. Неміс ғалымдары ойлап тапқан. Электр қуатымен жүреді. Толық қуатталған аккумуляторы 55 шақырымды еңсеруге оңай жетеді.

 

АБЫЛАЙ БӨЛЕГЕНОВ, НҰСҚАУШЫ:

 - Бұл акумулятормен жұмыс істейді. Ол аяғымның астында орналасқан. Бүкіл заряд 55 шақырымға жетеді. «Оның максималды жылдамдығы 25 шақырым сағатына. Бұл – газ. Алдында тежегіш бар. Мына жақта артқы тежегіш. Мұның максималды жылдамдығы 25 шықырым/сағат. Мына жақта газ, ал мына жақта алдыңғы тежегіш. Мына жақта артқы тежегіш. Сол екеуін ғана пайдаланасыз.

Мыңның ішінен іріктеліп алынған жобалардың барлығы энергетика саласындағы үздіктер. Мәселен, «Күнгей Рикша» деп аталатын арба көптің қызығушылығын тудырды. Әсіресе, күн қуатымен жүретін көлік түріне отыруға кішкентайлар кезекке тұрған.

 

САУАЛНАМА:

 - Біз Павлодардан ЭКСПО көрмесін көру үшін арнайы келдік. Павильондардағы технологиялар қызықты екен. Әсіресе, Рикша арбасымен көрмені аралып шықтық.

 - Керемет. Маған қатты ұнады.ЭКСПО-ға тағы келгім келеді.

 

Айтпақшы, Үздік тәжірибелер аймағына келіп жатсаңыз, нұсқаушылар сізді мына арбамен көрме аумағында тегін қыдыртады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер