Ақмола облысындағы Ерейментау жел электр станциясы – ауқымдылығы жағынан еліміздегі бірегей жоба. Бүгінде ол алпыс мың халқы бар қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Болашақта оның көлемін 6-7 есеге дейін арттыру көзделіп отыр. Экологиялық таза электр энергиясын өндіретін кешенде украиналық делегация өкілдері болып станция жұмысымен танысты.

 

ЕРЛАН ЖАҚЫПОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ ЖЭС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Болашақта біздің жоспарымызда осы электр станциясында 300МВт дейін ұлғайту деген мақсатымыз бар. 000104 Жалпы 1-электр станциясында 22 қондырғы, 300 МВТ болған кезде 90-ға жуық қондырғымыз болады.

Осылай жел әлеуетін пайдаланудың арқасында жылына 100 мың тоннадан астам көмір үнемделеді. Экологиялық қауіпсіздікке әсері айтпаса да, түсінікті. Ал экономикалық тиімділігінің арқасында жергілікті бюджеттің кірісі өскен.

 

ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Былтырғы жылы 1мрлд 830 миллион тенгенің өнімін өндіріп, аудан экономикасына өз үлесін қосып жатыр. Осы кәсіпорыннан аудан экономикасына, ауданның бюджетіне 200 миллионнан артық жыл сайын салық түсіп тұрады.

Украиналық делегацияның өкілдері станцияның жұмысына тәнті болып, оң бағасын берді.

 

ВЛАДИСЛАВ ЕРЕМЕНКО, УКРАИНА ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Бұл жел паркі – болашақтың баянды болуын алдын-ала ойлаған елдің табанды еңбегінің жемісі. Түрлі қиындықтарға қарамастан қысқа мерзімде таза табиғи энергиясын өндіретін станцияны салып шығу жүйелі жұмыс нәтижесі деп білемін.

 

Айта кетелік. бұл жел қондырғылары арнайы тапсырыспен Арқаның ауа райына ыңғайланып жасалған. Сондықтан  үскірік аязыңа да, аптап ыстығыңа да төтеп береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер