EXPO қалашығында Украинаның ұлттық күні аталып өтті. Мерекелік шараның шымылдығы әдеттегідей әнұраннан ашылып, қос мемлекеттің туларын көтеру рәсімінен басталды.

Ашылу салтанатында еліміздің Энергетика министрінің орынбасары сөз сөйлеп, Украинаның вице-премьері Геннадий Зубко барша қазақ елін EXPO-ның ашылуымен құттықтады. Бұл елдің ұлттық павильонына келгендерді көрмеге орай арнап 20 килограмм жіптен тіккен 30 метрлік ұлттық орамалдары таң қалдырды. Осы елдің қолөнер шеберлері осылайша ЕХРО-да рекордтар кітабына енбек екен.

Украиналық павильон көрме кешеніндегі ең шағын аумақтың бірін алып жатыр. Бар болғаны – 35 шаршы метр. Десе де, украиндықтар бұнда барынша тың технологияларын әкелуге тырысқан. Мынау қондырғы су қайнатуға арналған коллектор. Ол да күн қуатын алып, тәулігіне 2 тонна су қыздырады. Максималды температурасы 50 градустан асады. Құрылтайшылардың сөзінше, павильон кішігірім болғандықтан, баламалы қуат көздерінің өзге үлгілері апта сайын алмастырылып тұрады.

 

АЛЕКСАНДР СОГОКОНЬ, УКРАИНА ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Бізде өзге де баламалы энергия көздерін өндіретін құралдар бар. Оны алдағы апталарда әкеліп көрсетеміз. Мәселен, күн энергиясы арқылы су қайнататын құрылғымыз қазір Украинада жоғары сұранысқа ие. Себебі, көп қалаларда жазғы уақытта ыстық су өшіріліп тасталады. Бұл құрал әсіресе су және электр қуатымен қиыншылықтар туатын ауылды аймақтарда пайдалы.

Тағы бір тың идеялардың бірі – Чернобыль жобасы. Апат болған аумақта күн және жел саябағын салу жоспарланған. Жалпы Украинада баламалы энергия көздерінің үлесі небары 2 пайыз. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында 2020-шы жылы бұл көрсеткішті 11 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер