ЕХРО-2017-ге келушілер қараңғы шахтадан кіріп, құстар мен жасыл желектерге толы орманнан шыға алады. Мұндай саналуандықты көрмедегі Польша павильоны ұсынып отыр. 2 қабатты алып жатқан экспозиция 5 бөлімге бөлінген. Кіреберістегі шахтада энергетикамен байланысты польшалық технологиялар, ал келесі бөлімде  көмірді газдандыру мен биомассаны жағуға арналған жобалар ұсынылған. Екінші қабатта көмірқышқыл газын сіңіретін ағаштардың сан түрі бар. Павильонды әрлеу барысында кішкентай меймандардың қызығушылықтары да ескерілген. Олар үшін мұнда тетіктерді басып, өсімдіктердің иісін сезіп, жан-жануарлардың дыбыстарын естуге мүмкіндік жасалған.

 

МАРТА ЗЕЛИНСКА, ПОЛЬША ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

 - Біз павильонымызды дайындау барысында Польша мен Қазақстанды байланыстыратын ортақ тұстарға көңіл бөлдік. Сондықтан көмір мен орман тақырыбын таңдадық. Экспозициядан бөлек, Польшадан ағаш әкеліп, Қазақстан аумағында отырғызу жоспарланып отыр. 7-ші қыркүйек күні көрмеде Польшаның ұлттық күні ұйымдастырылмақ,

Польша экологияны жақсартуға әсер ететін «жасыл» технология шешімдерін сәтті қолданатын елдердің қатарында. Осы елдің Лодзь қаласы – «ЕХРО-2022» көрмесін өткізуге үміткер. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер