Инновациялық пирамида, перғауын мүсіндері, шөлді аймақтағы «жасыл» технологиялар ЕХРО-2017 көрмесіндегі Мысыр павильонында таныстырылды. Аталған елдің қайта жаңартылатын қуат көздерін пайдалану жөнінен әлем көшбасшыларының бірі болып табылатынын атап көрсету қажет. Бұл, біріншіден, Мысырдың географиялық орналасуына байланысты, ел аумағының 90%-дан астамын шөл алған және онда жыл бойы күн жарқырап тұрады.

 

АХМЕД ТАХА БОРАИ МЫСЫР ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС КОМИССАРЫ

- Мысырда қайта жаңартылатын қуат көздерін пайдалану тәжірибесі 20-шы ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алады. Еліміздің ауа-райы мүмкіндіктері ескеріліп, алғашқы күн батареялары сол кезде орнатылған. Содан соң 60-шы жылдары атақты Асуан бөгеті тұрғызылды. Онда су электр станциясы салынды. Ол да баламалы қуат өндіруге жатады. Содан бері халықтың электр қуатына деген сұранысын толықтай қамтып отырмыз.

Мысырлықтар «жасыл» технологиялар саласындағы жетістіктерінен өзге, бай мәдениетін таныстыруды жөн көріпті. Павильон көне өркениет жәдігерлеріне толы. Папирустар, сфинкстер, кәдесыйлар, осының бәрі перғауындар елінің ерекшелігін айтқызбай-ақ жеткізеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер