ЕХРО-да италиялықтар павильон қабырғаларын «сөйлетпек». Көрмеге келушілер олардағы интерактивті экран арқылы қажетті мағлұмат алатын болады. Италия павильонының бас сәулетшісі Паоло Дезидери осындай ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, кейбір тұстарда аударманы қажет етпейтін визуалды мәлімет болса, енді бірінде аударма жазумен берілмек. 

 

ПАОЛО ДЕЗИДЕРИ, ИТАЛИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ:

 - Біздің павильон қабырғалары тарих туралы сыр шертетін болады. Мұндай тәсіл арқылы келушілер біздің елдегі  бұған дейін пайдаланылған энергия мен  болашақ энергия жайлы білмек. Осы арқылы біздің қандай жаңалықтар ашып, қандай нәтижелерге қол жеткізгендігімізді баяндамақпыз.

 

Көрмеге Италияның 15 провинциясы қатыспақ. Олар өңірлерінің жетістіктерін паш етіп, тақырыптық апталықтарды ұйымдастырады. Мәселен, Венето өңірі муран шынысын, Тоскана өз керамикасын, Рим қаласы мен Лацио өңірі Рим қирандылары үлгілерін көрсетпек. 

 

СТЕФАНО РАВАНЬЯН, ИТАЛИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

 - 900 шаршы метрді алатын Италия павильоны 4 залдан құралмақ. Әр залға тек Италия үшін ғана емес, барша адамзат үшін еңбек сіңірген ғұламалардың есімдері берілді. Леонардо да Винчи, АлессАндро ВОльта, ЭнрИко ФЕрми  және АнтонИо ПачинОтти залдарына келушілер Италияның терең тарихына үңіле алады деп сенеміз.

 

Павильонмен шамамен жарты сағат ішінде танысу мүмкін болмақ,-дейді ұйымдастырушылар. Италияның экономикалық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға 3 млн еуро қаражат жұмсаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер