EXPO көрмесінің басталар сәті жақын. Халықаралық деңгейдегі шараға орай еңселі елордамыз сәулеті ерекше ғимараттармен толыға түсті. Көрменің ең негізгі нысаны – шар пішіндес керемет кешен. Бұл – диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Келушілер Қазақстанның тарихы, төл мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алатындай, ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасады. Сфераның өзінде «Болашақ» мұражайы бар.

 

ЗӘУРЕ АЙТАЕВА, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК АҚ СӘУЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Әр қабат баламалы қуат көздерінің түрлеріне арналады. Оның ішінде, ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиялары бар. . Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл EXPO ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады.

 

Сонымен қатар, EXPO қалашығындағы ерекше орынның бірі – энергия холлы. Ағынды пішіндер арқылы ғимарат бүгінгі және келешек жетістіктердің қозғалысын білдіреді. Сәулетшілердің ойластырғаны бойынша, кешен шаралардың түрлі форматына келетіндей етіп жобаланған.Тақырыптық және халықаралық павильондар күнделікті шоу-шеру өтетін, сондай-ақ арт-перформанстар мен инсталляциялар жасалатын Сақиналы желек жол арқылы байланысады.

 

ЗӘУРЕ АЙТАЕВА, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК АҚ СӘУЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бас жоспарда дәл осы аумақ үлкен 4 бөліктен тұратындығы көрінеді. Ал, олар жел гераторының үлгісінде бой көтерген. Бұл EXPO-ның негізгі тақырыбымен керемет үйлесім табады. Екінші жағынан, көрмеге қатысушы елдерге өз павильондарын жасақтауға теңдей мүмкіндік береді.

Бұл – қалашықтың бірнеше элементі ғана. Бұдан бөлек, конгресс орталығы, амфитеатр және тағы басқалары бар. Әсіресе, Сәулет-құрылыс департаментінің басшысы EXPO ғимараттарының түнгі көрінісі ерекше болатынын айтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер