Словакия Астанадағы EXPO-да баламалы энергетика саласындағы жетістігі ретінде автономды «ақылды үй» павильонын таныстырмақ. Олар EXPO-дағы ұлттық Словакия күніне де қызу дайындалып жатыр. Сонымен қатар, «Чарч-брелл» деп аталатын құрал арқылы шағын құрылғыларды қуаттауға болады. Ол күн генераторымен жабдықталған. Словакия су энергиясына да үлкен мән береді. Секцияның ұлттық коммисары Патриция Жачикова қонақтарды таң қалдыратын бағдарлама күтіп тұрғанын айтады. Қазақ еліне атақты әншілері мен фольклорлы ансамбльдерін алып келмек. Словак павильонда ұлттық аспаптардың әуендерімен, ұлттық өлендерді тыңдауға болады. Сондай-ақ, ұлттық тағамдардан дастархан жайылады.

 

ПАТРИЦИА ЖАЧИКОВА, СЛОВАКИЯ ҰЛТТЫҚ СЕКЦИЯСЫНЫҢ КОММИСАРЫ:

 - Біздің павильонның басты экспонаты ЭКО-капсула деп аталатын болады. Оны үй немесе керуен деуге болады. Ол жел қуатын, жалпы жаңбырға қатысты барлық энергияны қамтамасыз етеді. Словакиядағы ең үлкен «Лучница» атты ансамбльды сіздерге көрсететін боламыз. Словакиянеың түпкірінен ұлттық дәстүрлерді көрсететін боламыз. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мәдениетті де көрсеткіміз келеді.

 

Сондай-ақ, халықаралық мамандандырылған көрме жұмысында Бенилюкс елдерінің компаниялары, энергетика жөніндегі Еурокомиссар Марош Шевчович және Люксембург премьер-министрі Ксавье Биттель қатысады деп күтілуде. Бұл жөнінде Брюссельде Астанадағы EXPO-2017 қарсаңында Еуроодақтың энергетика жөніндегі бұрынғы комиссары Андрис Пиебалгс мәлімдеді.

 

АНДРИС ПИЕБАЛГС, ЕУРООДАҚТЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ БҰРЫНҒЫ КОМИССАРЫ:

 - Менің ойымша, бұл көрме көптеген оқиғалармен астарласып өткелі отыр. Мәселен, қазір жаңа энергетикалық қорларға инвестиция көп тартылады. Сондықтан, мұндай ауқымды шара нарықтың да, саясаткерлердің де көзін ашады деп сенем. Себебі, көптеген сарапшылар сенімсіздік тудырған дүниелерге қолымыз жетіп жатыр. Оған дәнекер болатын технологиялар жоқ емес бар, бірақ оларды тәжірибе жүзінде қолдану үшін тетіктерін таба білу керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер