Қазақстанда баламалы энергия өндірудің қолайлы аймақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құрылды.  Елордада онлайн режимде жұмыс жасайтын  күн ресурстарының атласы іске қосылды. Интерактивті карта күн сәулелерінің республиканың әр нүктесіне түсу мөлшерін көпшілікке қолжетімді етпек. Мәліметтер жерсеріктерден тікелей таратылады. Бірегей бастаманың дереккөздерімен кез-келген азамат еркін пайдалана алады. Қажетті ақпарат алу үшін тек ғаламтор желісіне қосылып «atlassolar.kz» сайтына кіру жеткілікті. Жоба авторлары күн қуатының ел кеңістігінде таралуының нақты көрсеткіштер базасы Қазақстанның жаңартылған энергия саласына шетел инвестициясын тартуға септесетініне сенімді.

 

НҰРЛАН АБАЕВ, СПУТНИКТІК МЕТЕОРОЛОГИЯ САРАПШЫСЫ:

 - Есептеуші калькуляторлар бар. Яғни кез-келген адам қарапайым тұтынушыдан үлкен, ірі инвесторлық компанияларға дейін Қазақстанның кез-келген аумағында қаншалықты мөлшерде күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыруына болады, есептеуіне болады. Шектеуші факторлар және күн энергиясын дамытуға қолайлы факторларды анықтайтын функциялар осы атласта бейімделген.  

Атлас халықаралық климаттық дерекқорлармен бірге автоматты түрде жаңартылып тұрады. Картада қазір жұмыс істеп тұрған және болашаққа жоспарланған  күн электр станцияларының орындары да көрсетілген. Жоба  ЕХРО-2017 көрмесі қарсаңында арнайы әзірленіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер