Украина Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін ЕХРО көрмесіне белсенді түрде қатысқалы отыр. Елдің бұл салада көпшілікке таныстыратын бірқатар жобалары да бар. Солардың бірі –  Киев маңындағы алғашқы энергетикалық қызылтал алқабы. Мұндағы көшеттер Швециядан әкеліп отырғызылып, алғашқы жиын-терімі жүргізілген. Енді оның аумағын кеңейту үшін қосымша 500 гектар жер бөлінді. Қызылтал алқабының оның әр гектарынан газды алмастыруға арналған ауқымды көлемде отын алынады.

 

ИВАН НАДЕИН, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз жер телімдерін басқа мақсатта да пайдалануға болады. Әсіресе, қызылтал - баламалы энергетика үшін таптырмас өсімдік. Ол  ерекше күтім мен баптауды қажет етпейді.

Газ бағасының қымбаттауына байланысты украиналықтар баламалы қуат көзіне көңіл бөле бастады. Сәйкесінше, шикізатқа деген сұраныс артты. Демек, тез өсіп, қайта жаңғыртылатын ресурс қажет. Ол үшін мамандар қызылталды таңдап, энергетикалық тұрғыда ерекше тиімді екенін айтады.

 

СЕВАСТЬЯН ТРУШЕВСКИЙ, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Қызылтал қарағай секілді жанады. Ал ең басты айырмашылығы тез өседі. Сондықтан қайта жаңғыртылатын қуат көзіне жатады. 3 жылда бір рет алқаптағы ағаштарды кесіп аламыз.

 

Өсімдіктің тағы бір ерекшелігі, күй талғамайды. Сондықтан оны кез келген жерде өсіруге болады. Айта кетейік, Астанадағы EXPO көрмесінде компания өкілдері отынның бұл түрін пайдалану, өсіру жолдарын жан-жақты таныстыруды көздеп отыр.

 

ИВАН НАДЕИН, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Біз көрмеде осы мүмкіндікті көрсеткіміз келеді. Әріптестерімізбен тәжірибе бөлісуге әзірміз. 

 

Компания EXPO көрмесіне энергетикалық өсімдік өсіру мен қатар баламалы қуат көзіне қатысты тағы 5 жоба ұсынып отыр. Ал халықаралық шара ойлаған істі жүзеге асырып, әлемдік нарыққа жол ашатын - оңтайлы мүмкіндік болғалы тұр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер