Сеулде еріктілер тобы EXPO көрмесіне дайындық қызу. Мұнда қазақ және орыс тілдерінде берілетін дәрістер мен баламалы қуат тақырыбына арналған сабақтар жиі өтеді. Астанада Оңтүстік Кореяны таныстыру үшін жергілікті және шетелден келген студенттер бір ай бұрын іректеуден өтті. Байқаудың міндетті шарттарының бірі – қазақ, корей, ағылшын және орыс тілдерін білуі керек. 

 

ЧОЙ ЕН СОН, ЕРІКТІ:

 - Емтиханның екі түрінен өтуге тура келді. Біріншісінде өзім туралы айтып бердім. Екінші сынақ кезінде шет тілдерінен тапсыруым керек болды. Қызығы сол, емтихан тапсырған төрт адамның ішінде тек мен ғана қазақша сөйледім. Мені сол үшін таңдаған шығар деп ойлаймын.

Еріктілердің ұстанымы күшті. Олар EXPO көрмесі кезінде Оңтүстік Кореяны лайықты түрде таныстыратындарына сенімді. Бұл құрметке Пороро мультфильмінің кейіпкері мен актер Сон Кан Джун ие болды. 

 

СО КАН ДЖУН, АКТЕР:

 - Былтыр қыркүйекте мен Қазақстандағы жанкүйерлеріммен кездескен едім. Олардың маған деген жылы сезімі және махаббаты есте қалды. Ал, биыл Астанада өтетін EXPO көрмесіне Оңтүстік Корея павильонының елшісі болу бақыты бұйырып тұр екен. Мен енді елімнің энергетикалық технологиялары туралы айтып, өнерімді көрсетемін деп жсопарлап отырмын. Сондықтан, павильонымызды көруге шақырамын.   

Оңтүстіккореялық еріктілер жаздың үш айында Астана ЕХРО көрмесінде келушілерді кореялық қуат үнемдеуіш технологиялармен таныстырады. Сонымен қатар, Қазақстанды шарлап, саяхат жасайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер