Елордада өтетін EXPO көрмесінде жаһан жұрты «жасыл» энергетика саласындағы соны әдістерін көрсетеді. Осы тұста Финляндияның тәжірибесі ерекше қызықты болары анық. Бұл мемлекет алдағы он жылда мұнай өнімдерін қолдануды 50 пайызға қысқартып, көмірден біржола бас тартпақ. Есесіне баламалы қуат өндіруге екпін салмақ. 

 

ХАРРИ ОТИЛА, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Қазіргі қоғам қуаттандырудың тиімді әдісіне өте мұқтаж. Тұрмыста да, электромобиль жүргізуде де басты мәселе осы. Біз көліктің аккумуляторын қуаттың негізгі көзі ретін қарастырып, жоғалған энергияны соның есебінен қайта толтырудың әдісін жасаудамыз. Осылай оның жүру уақытын ұзартуға болады.

Бұл – Финляндияның жасыл энергияны дамыудағы жобаларының бірі ғана. Жалпы, аталмыш сала бойынша мұнда 60-тан астам компания жұмыс жасайды. Түрлі-түсті бояудан бастап, қағаз, құрылыс материалдары сынды дүниелерді өндіреді.

 

КАЙ МЮККЯНЕН, ФИНЛЯНДИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Біздегі мемлекеттік ТЕКЕС Агенттігі жыл сайын инновацияны дамытуға 1,5 млрд еуро ажыратады. Бұл талай жастың құлшынып, ғылымды үйренуіне себепші болуда. Менің өзім 15 жыл бұрын технологияны үйреніп, танымал копанияларды жұмыс жасауды армандайтынмын. Міне, сол кезде басталған үрдіс Хельсинкині стартаптар астанасына айналдырды.

 

EXPO кезінде фин компанияларымен қатар бұл елдің азаматтары да бізге келуге ниетте. Мәселен, 18 маусымда ашылатын «Хельсинки–Астана» әуе рейісінің билеттері қазірдің өзінде түгел сатылып кеткен.

 

МИККО ТУРТИАЙНЕН, ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл бағыт тамыз айының 11 дейін жұмыс жасайды. Одан кейін Алматыға қатынайтын боламыз. Клиенттер көрме кезінде осындай ынғайлы қатынастың ұйымдастырлатындығына қуанышты.

Финляндия – Батыс Еуропадағы нысандары 100 пайыз жылу қазандығына қосылған жалғыз мемлекет. Саланың дамығаны сонша, қыс кезінде мұндағы көшелер де жылытылады. Ал отын ретінде тұрмыстық қалдық пен одан өндірілген биогаз қолданылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер