Алматыдағы «Алатау» инновациялық паркі, арнайы экономикалық аймағында, өндіріске ұсынылған 40 стартап жоба мақұлданды. Олар негізінен мұнай-газ, тау-кен, металлургия, коммуникация, ІТ- технологиялар мен индустрия салаларына арналған жобалар. Қазір аймақта 70 компания жұмыс істейді. Үш жыл бұрын мұнда  телекоммуникация бұйымдарын жасайтын кәсіпорын ашылды. Қазір  тапсырыс бойынша байланыс құралдарын,, шығарып жатыр. Аймаққа арнайы келген сенат депуттары серпінді дамып келе жатқан компанияның өнімдерімен танысты.

 

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:

 - Біздің комитеттің негізгі мақсаты бұл кәсіпкерлікті қолдау. Елбасы айтқан шағын және орта бизнестің көлемін ең кем дегенде 50 пайыздан жоғары асыру. Егер шағын және орта бизнестің көлемі 50 пайыздан астам болса, онда ол қоғам орнықты қоғам болып саналады. Мемлекет бекем, дамушы мемлекет саналады. Міне осы мәселелердің барлығын қарап бүгін осы жөнінде сөйлестік.

 

Қазақстан жастары  шетінен білімді, қабілетті. Белгілі кәсіпкер, кремний инвесторы Камран Элахиан, осылай дейді. Оның пікірінше, инновациялық экономиканы дамыту дәл осы жас мамандардың қолында.

 

КАМРАН ЭЛАХИАН, ИНВЕСТОР:

 - Шикізат экономикасын дамыту кешегі күннің еншісінде. Менің ойымша, енді 20-25 жылда мұнай, газ, көмір бағасы құлдырайды. Сондықтан, инновациялық экономикаға деген қажеттілік артады. Яғни, бұл ақылды, білімді мамандарға сұраныс артады деген сөз. Мен соңғы 4 жылда Қазақстанға жыл сайын барып тұрдым. Шынымды айтсам, қазақ елі маған қатты ұнайды. Әсіресе табиғаты тамаша. Тағы бір таңқалдырғаны жастардың оқуға деген құштарлығы. Мұнда ақылды, дарынды қыз-жігіттер өте көп.

Камран Элахиан иновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық дәрежедегі  наградалармен марапатталған. Оның өмірлік ұстанымы –жастарға қолдау көрсетіп, табысқа жетелеу. Осы мақсатта  Сан-Францискода кремний жазығының инвесторлары мен кәсіпкерлеріне арнап орталық ашты. Мұнда келушілер тәжірибелерін ортаға салып, жас кәсіпкерлерге көмек береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер