ЕХРО-2017 көрмесіне қатысатын Оңтүстік Корея павильонының тұсаукесер рәсімі өтті. Бір мың шаршы метрден асатын аумақта заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін қуат түрлері туралы шоу көрсетіледі. Сол үшін тіпті бір жарым тонналық сутекті автомобиль Астанаға теңізбен жіберілді.

 

ЧОЙ КВАН ЩИК, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ:

 - Көрмеде күн батареясымен жұмыс істейтін және ғаламшарды айналып ұша алатын ұшақтың макеті болады.  Павильонымыз 80 пайызға жабдықталған, енді тек өнер ұжымдары мен бейнеконтентті үйлестіретін компьютерлік бағдарламаны қосу қалды.

 

БЁН ЙОН СОП, EXPO-2017 КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Павильонымыз екі қабатта орналасқан. Бірінші қабатта Кореяның энергетикалық технологияларын, ал екінші қабатта мәдениетін көрсетеміз. Көрме өтетін 93 күннің ішінде бізге бес жүз мың адам келеді деп болжап отырмыз.

Көрмеге келетін ең кішкентай қонақтардың да қамын ойластырып қойған. Оңтүстіккореялық павильонның кіреберісінде балаларды әлемдік деңгейде танымал мультфильмдердің кейіпкерлері қарсы алады.

Стэп бишілері, би-бой тобы және дәстүрлі аспаптар ансамблі Астанада ЭКСПО қонақтары алдында өз өнерін көрсетеді. Кей поп жұлдыздары да келіп қалуы ғажап емес.

 

ПАК ДЖУН ХЕК, ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ҚОЮШЫ РЕЖИССЕРІ:

 - Біз Астанадағы ЕХРО көрмесінде өнер көрсететін әртістерді байқау арқылы таңдап алдық. Жеті ұжымның арасында екі әлем чемпионатының жеңімпазы атанған би-бой тобы да бар.

Бұл – олардың Қазақстанға алғашқы сапары. Әйтсе де олар кейбір қазақ сөздерін жатқа біледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер