ЕХРО кезінде Монако елі қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновацияларымен бөліспек. Князьдік елдегі жобаларды іске асыруда интеллектуалды тәсілдерге баса назар аударуда. «Келушілерді елімізде қолданылып жатқан тың тәсілдермен таныстырып, «жасыл» экономикаға көшудің проблемаларын түсіндіретін боламыз»,- деді Монако Князьдігі ұлттық секциясы комиссарының орынбасары Александр Бокийон. Оның айтуынша, «Болашақ бейнесі» деп аталатын Монако павильоны өз  меймандарын таң қалдырмақ. Оларды теңіз толқыны секілді қозғалатын интерактивті қабырға, виртуалды шынайылық, 3D-картография күтеді. Және де қонақтарды павильон тақырыбына жақындата түсу үшін арнайы хош иіс қолданбақ. Ол меймандарды теңіз жағалауындағыдай сезімге бөлемек.

 

АЛЕКСАНДР БОКИЙОН, МОНАКО ҰЛТТЫҚ СЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз қоршаған ортаны қорғауға аса көңіл бөлеміз. Өскелең ұрпақты да осыған баулу маңызды. Олар «жасыл экономикаға» көшудің қатерлеріне дайын болулары тиіс. Монако сән-салтанат елі ғана емес, инновациялар мекені екенін ЕХРО-2017 көрмесі барысында көрсетпекпіз.

Павильонның бірегей экспозицияларының бірі күн энергиясымен жұмыс жасайтын велосипед макеті болмақ. Экспозицияның серіктесі – Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. Ол 10 маусымда павильонның ашылуына келеді деп күтілуде. Ал 25 маусымда ЕХРО аумағында Монаконың Ұлттық күні ұйымдастырылмақ. Сол күні Монте-Карло үлкен цирк шоуы көрсетіледі. 

Павильонның ресми ашылуы 10 маусымда өтеді. 25 маусымда ЭКСПО-2017 аумағында Монаконың Ұлттық күні өтеді. Сол күні Монте-Карло үлкен цирк шоуы көрсетіледі.

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне Израильден 15 компания қатысады. Олардың барлығы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен айналысады. Бұл туралы израильдік секцияның комиссары Элазар Коэн мәлімдеді. Бұл елде 200 компания жасыл технологияны дамытумен шұғылданатын болса, оның үштен бірі – стартап жобалар. Көрмеге келіп, өз өнімдерін көрсететін компанияның бірі күн батареясынан алынатын электр тоғын өңдегіш құрал жасайды. Бұл қондырғы жер үйлер мен шағын мекемелерге арналған.

 

ЭЛАЗАР КОЭН, EXPO-2017 ИЗРАИЛЬ СЕКЦИЯСЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

 - Осыдан бірнеше жыл бұрын біз энергетикаға мұқтаж елдердің қатарында болатынбыз. IT технологиялар мен стартап жобалардың арқасында қазір баламалы қуат көздерін пайдалануда алдыңғы қатардамыз. EXPO -2017 көрмесі әлем алдында осы уақытқа дейін баламалы энергетиканы пайдалану саласында қол жеткізген жетістіктерімізді көрсету алаңына айналады. Қазақстаннан да әріптестер тауып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жұмыстарын бірлесе жүргізсек деген ойдамын.

Израильдің Димона қаласындағы мына компания шөл даладағы өндіріс орнын күн қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Олар күн энергиясы арқылы және қоқыс қалдықтарын жағып суды қыздыру жолымен электр қуатын жинақтайды. Бұл тәсілмен электр жарығын, ыстық және суық суды үздіксіз алуға болады. Сондай-ақ жинақтағышта өндірілген электр қуатын ұзақ мерзімге сақтауға болады. Ірі өндіріс ошақтарын жарықпен қамтитын бұл компаниялар EXPO барысында қазақстандық мекемелермен әріптестік орнатуды көздеп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер