«Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету». ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің шымылдығын түретін алғашқы шара осылай аталмақ. Маусымның 11-не белгіленген форумда 50-ден астам мемлекеттің министірлері бас қоспақшы. Сондай-ақ, ондаған халықаралық ұйымның өкілдері де болады. Конференцияға барлығы мыңға тарта сарапшы қатысады деп күтілуде. Тәжірибелі мамандар үш күн бойы қазба байлықтарын пайдалану, баламалы қуат көздерін жетілдіру және энергияны үнемдеу қамындағы шараларды күшейту мәселелерін талқылайды. Осы тақырыптарда министрлердің ұсыныстары тыңдалып, 2030 жылға дейінді ғаламдық жасыл экономика саясатын дамыту жоспары қабылданбақ.

 

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан мен көршілес Ресей сынды пайдалы қазбаларға бай елдер бар. Оларда тау-кен өндірісі жақсы дамығанымен, кеніштері түпсіз емес. Сондықтан барымызды сарқылтпай, үнемдеуді үйрену керек. Бұл орайда дәстүрлі энергияны баламалы қуат көздеріне алмастырудың кешенді шараларын қолға алу қажет. Игі бастама экологиялық мәселелердіңде басын қайырып алуға септеседі. Жел, күн, энгергиясы тұтынушыға қол жетімді болуы тиіс. Осындай жайттардың шешімі министрлер конференцияда кеңінен қаралатын болады.

 

Тағы бір тың ақпар – көрме кешенінің аумағында халықаралық «жасыл технологиялар» орталығы құрылады. Ол «Үздік тәжірибелер аймағы» ғимаратында қанат жаймақ. Орталықта әлемдік деңгейдегі озық технологияларды қолданумен зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

АЙНҰР СОСПАНОВА, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Халықаралық ғылыми орталық бірінші кезекте, Орталық Азия аймағындағы елдерде жасыл технология саласын дамытуға үлес қосады. Бірқатар әлемдік ұйымдармен ынтымақтастық орнатылып, «жасыл» экономиканың 8 бағыты бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Баламалы қуат көзінің тұрақты дамуы өз нәтижесін беру үшін халықаралық дәрежедегі беделді ғалымдар, сарапшылар бірлесіп қызмет етеді.

Астана ЕХРО көрмесіне осы күнге дейін милионнан артық билет сатылып қойылыпты. Халықаралық шара өтетін нысандардың құрылысы 98 пайызға дайын. 115 ел мен 22 халықаралық ұйым көрмеге қатысуға қамданып жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер