Қазақстанның шөлін шұрайлы оазиске айналдырып, жауын-шашынды аймақтардағы тасқынды кәдеге жарату. Елімізде БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуроодақ «Жасыл» экономикаға көшуде Қазақстанды қолдау» деп аталатын бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Су ресурстарын үнемдеуге бағытталған бастамалар елордада өткен техникалық семинар барысында таныстырылды. Оның бірі көктемде еріген қар суы әбігерге салатын Алматы облысының Ақши ауылында іске аспақ. Бұдан былай тұрғындар әдеттегі көктемгі табиғаттың тосын мінезінің кесірін емес, пайдасын татпақ. Тасқынның ағыны Ақши ауылының  шаруашылығын дамытуға жұмсалатын болады.   

 

ГҮЛЖАН ИСАЕВА, ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

 - Ағын суы биологиялық өңдеуден өткізіліп техникалық қажеттіктерге жаратылатын болады. Диқандар егіс салу үшін пайдалады. Осы жерде кооператив құрып, бағбандықпен айналысып көкөніс егеді, жылыжай салады.

 

Ал елордада жоба аясында жылыжай кешенінің құрылысы басталып кетті. Сыртқы орта ықпалынан оқшауланған жабық топырақта көкөніс дақылдарын өсіру жыл бойы қолайлы микроклимат құруға мүмкіндік береді. Өнімнің экологиялық тазалығын қамамасыз ету үішн тамшылап суару сынды жасыл технологиялар қолданылады. Тағы бі өңір Актөбеде су қоймасы толықтай автоматты жүйеге көшеді.

 

БЕКЗАТ НАМЕТОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Су энергиясын шағын ГЭС арқылы бұрын өзіміз пайдаланып отырған үкіметтен алатын энергиясының орнына, сол судың қорынан шыққан энергияны өзіміздің қажетімізге пайдаланатын ойымыз бар.

Енді бір жоба Арал өңірінің қуаң басқан тұзды топырағынның өнімділігін артыруға септеспек. Әзірге қанатқақты бастама аясында 100 гектАр құнарсыз жерді жасыл желекке толтыру үшін тереңнен ұңғыма қазылып, жер асты бұлағы пайдаланылмақ. Барлығы жыл соңына дейін еліміздің 8 аймағында табиғи ресурстарды сарп етппеудің қамында 14 жоба қолданысқа беріледі. Бұл мақсатқа БҰҰ мен Еуроодақ 7,1 млн еуро қаржы бөліп отыр. Игі бастамалар өміршеңдігімен танылып, шарапаты тиіп жатса өзге өңірлергеде таратылатын болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер