Шағын ел, шексіз энергия. ЕХРО-2017 көрмесі кезінде Нидерланд Корольдігі баламалы энергия көздері саласындағы тың идеяларымен бөліспек. Голландия бұл салада айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізіп, көшбасшы елдердің бірі ретінде танылған. Әлем бойынша күн энергиясын қолданудағы шешімдердің тең жартысы осы елдің технологияларына негізделуде. Қазіргі таңда Нидерланд елінде зияткерлік энергетикалық желілер белсенді дамып келеді. 2020 жылы Солтүстік теңіздегі жел паркі 6 мың мегаватт энергия өндірмек. Баламалы энергия көздерін қолданудағы Голландияның жетістіктерін ЕХРО көрмесіне келушілер өз көздерімен көре алмақ. Олар үшін арнайы 3Д шоу әзірленген. Бастысы, келушілерді жаңғыртылатын энергия көздеріне деген «голландиялық» көзқараспен жақынырақ таныстыру, - дейді ұйымдастырушылар.

              

ЭВЕЛИН БЯЙЛ, НИДЕРЛАНД ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің павильон елімізде болашақ энергиясының қалыптасуы және даму жайлы мағлұмат береді. Біраз уақыт бойы біздің еліміз сумен күресудің амалдарын іздеді. Өйткені аумағымыздың жартысына жуығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Бұл мәселе шешілді. Ал су болса, біздің энергия алудың ерекше тәсіліне айналды. Осыны «голландтық көзқарас» деп атаймыз.

 

Көрме барысында қазақстандық және голландиялық жас ғалымдардың бірлескен жобалары таныстырылмақ. Ал Нидерланд елінің ұлттық күні маусымның 22-не жоспарланып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер