Ұлыбритания EXPO-2017 көрмесіне соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Британиялық павильон 2 мыңнан астам шаршы аумақты алып жатыр. Тақырыбы: «Біз – энергиямыз». Дизайнер павильонды киіз үй пішінінде ойластырған. Киелі шаңырақ астында келушілер Ұлыбританияның ғылыми жетістіктерін көретін болады.

 

АСИФ ХАН, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ:

 - Қазақ киіз үйі мен үшін энергия тиімділігін арттырудың және қоршаған орта үшін оңтайландырудың белгісі. Киіз үй - өте ыңғайлы, жеңіл және икемді. Ол әлеуметтік өмірді, отбасылық тұрмысты бейнелейді. Бұл архитектура тұрғысынан өте маңызды мәселе екенін болашақта да ұмытпауымыз керек.

Композитор Брайан Эно павильонның негізгі тақырыпқа сәйкес әсерлі шығарма жазды. Ол өз туындысы арқылы келушілерге шабыттандырмақ. Эдинбург университетінің профессоры, астрофизик Кэтрин Хейманс болса, нысанның ғылыми мазмұнына мән берген. EXPO-2017-ге ресми өкілдерден Лондон Ситидің лорд-әкімі және Халықаралық сауда жөніндегі министр қатысады. Британиялықтар EXPO-2017 олар үшін ең озық технологиялары мен инновациялық жетістіктерін әлемге паш етудің үлкен мүмкіндігі екендігін жасырмайды.

 

САРА ЭВЕРЕТ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАВИЛЬОНЫ КОМИССАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз EXPO-ның негізгі тақырыбы бойынша энергетиканың әр түрлі салаларына бағытталған әр түрлі шаралар ұйымдастырамыз.  Мұнай және газ, тау-кен өндіру бағытында Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істеп жатқан көптеген компаниямыз бар.

Айта кету керек, Ұлыбританияны жасыл энергия саласында әлемге әйгілі технологиялық көшбасшы әрі жаңалық жаршысы деуге болады. Сондай-ақ, бұл мемлекет 166 жыл бұрын ең алғашқы көрмені өткізіп тарихта қалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер