«Жасыл экономика» көшбасшылары марапатталды. Елімізде тұңғыш рет «Жасыл Қазақстан» форумы өтті. Жиында инноваторлар, ғалымдар мен журналистердің жұмыстары бағаланды. Сондай-ақ, форум аясында 2014-16 жылдар аралығында өткізілген «Online EXPO-2017» байқауы жеңімпаздарының көрмесі өтті. Оған 2-3 жыл бұрынғы байқау жеңімпаздарының қатысуы тегін емес. Өйткені осы аралықта олардың ойлары жобадан нақты іске айналып, өз қажеттілігін мойындатқан. Сутегі генераторы патентының авторы Диас Оралов тиісті министрліктен рұқсат алған соң, Астана электротехникалық зауытында генераторларды шығаруды жоспарлауда. 

 

ДИАС ОРАЛОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Электролиз 12 вольт аккумулятор көліктің разряд бергенде су формасы Н2О расщепление болып, топливный газ істеп, көлікке жіберіледі. 

 

Бұл процестің арқасында 40 пайыз жанар-жағармай үнемделіп, қоршаған ортаға тиетін зиян азаяды. Мұндай тың жобалар жетерлік. Қазіргі таңда  оларды коммерцияландыру мәселесіне ден қойылуда.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА» ЖӘНЕ «G-GLOBAL»-ДЫ ДАМЫТУ» КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Осы алаңда 25 өнертапқыштар тұр. Олардың зор потенциалдары бар ЕХРО-ға қатысуға және коммеррциализация жасауға. Өйткені біздің мақсатымыз – өнертапқыштарды кәсіпкерлермен табыстыру. Жақсы технологиялардың өндірісі кеңеюі керек. Соған үлес осы форум болады деп отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер