Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесінің қалашығында Aрт-орталық жұмыс істейді. Екі қабатты алатын нысанда көрме залы, кинотеатр, дәріс аудиториясы және кітапханасы мен шеберханасы болады. Өнер орталығының павильонына екі ірі әлемдік институт тартылып жатыр. Бірі – Мәскеудегі «Гараж» қазіргі заманғы өнер музейі, екіншісі – Париждің Ұлттық музейлер бірлестігі «Гран Пале». Павильонның қызмет бағыты мәдени және біліми болмақ. Орталыққа әр сағат сайын 400 адам келеді деп болжанып отыр. Сондай-ақ, ЕХРО шеңберінде сәулетші роботтар таныстырылмақ.

 

МАРАТ ОМАРОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл – бойы 4 метр болатын робот. Ол түрлі материалдардан мүсіндер жасайды. Көрме өтетін үш ай бойы осы құлтемір келушілердің көз алдында түрлі өнер туындыларын құрастыратын болады. Арт-орталыққа келіп, сол мүсіндерді көруге болады.

 

Өнер орталығын көрмеге билет сатып алған келушілердің барлығы тамашалай алады. Онда елімізбен қатар, шетелдік суретшілердің туындылары қойылмақ. Сонымен қатар, мұндағы кинозалда деректі фильмдер де көрсетіледі.  Зағип және құлағы нашар еститін жандарға арнайы маман экскурсия жасайды.       

ӘСЕМ ОМАР, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰҚ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл көрмеде еш жерде көрсетілмеген экспонаттар болады. Кинозалда көрсетілетін фильмдер үшке бөлінеді. Бірінші – дүние жүзіндегі озық тәжірибелер, екінші – Ресейдің «Гараж» музейінің филмдері, үшінші қазақстандық фильмдер болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер