Ауыл шаруашылығында инновациялық тәсілдерді қолдану шексіз мүмкіндіктер береді. Тіпті климаты қатал өңірлерде қысы-жазы жайқалып тұратын ғажайып бақ немесе тропикалық джунгли өсіруге болады, дейді шығысқазақстандық инженер-техник Людмила Земляная. Ол тропикалық өсімдіктер өсіріп, жылыжай шаруашылығымен айналысуды зейнет жасына жеткенде қолға алыпты.

 

ЛЮДМИЛА ЗЕМЛЯНАЯ, ЖЫЛЫЖАЙ ИЕСІ:

 - Өсімдіктер өте бейімделгіш келеді. Бастысы, лайық жағдай жасау. Бәрі де классикалық үлгі бойынша жарық беру, суару және қоректендіру, болды. Мысалы, мен лимонды жақсы көремін. Оның күтімі де оңай. Қыста жарықты аз беру керек. Күтім болса, өнім де көп алуға болады. Ал, төгілген гүл мен хош иіс жанға жайлылық береді.

 

Жылыжайда өсімдіктің 500-ге жуық түрі бар. Әрқайсысына ерекше күтім мен қамқорлық қажет. Мұндай жағдайда жемістер өнімді мол береді. Көпшілікті тәнті еткен алып лимондар мен кішкентай банандарды тамашалаушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді екен. Мектеп оқушылары да осында.

 

САУАЛНАМА:

1.  Мына жерге мен бірінші рет келдім. Маған мына жерде өте ұнады. Соншалықты көп ағаштар мен гүлдерді мен ешқашан көрген жоқпын.

2. Маған қатты ұнады. Мен гүлдерді жақсы көремін. Менің есімде пальма, лилия қалды. Көп гүл көрдім. Әртүрлі түсті.

 

Жылыжайда 300-ден аса ұрпағымен әйгіленген Шыңғыс хан тұтынған мурайя өсімдігі бар. Денсаулыққа пайдалы өсімдікті жапон императорлары да қорған ретінде тұтынған деседі. Өңір натуралистері мен флористері де жылыжайдың тұрақты меймандарына айналған. Ғылыми жұмыстар бойынша келісім жасау үшін еліміздің өзге өңірлерінен де мамандар келеді.

 

АЙНАШ КІТАПБАЕВА, БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Тропикалық өсімдіктер бар, лимон өсіріледі, ауылшаруашылық дақылдары да өсіріліп жатыр екен. Солардың бәрін көрдік. Енді студенттерімізді жылыжайға әкеліп, жұмыс жасап, байланыста болсақ деген жоспарымыз бар.

 

Ал Алматы облысындағы жылыжайлар былтыр 30 мың тоннадай өнім берді. Мысалы, Қапшағай қаласының іргесіндегі мына шаруашылық 10 га жерді алып жатыр. Жылыжайдағы 7 га жерге томат егілсе, қалған 3 гектарында қияр өседі. Жыл басынан бері бұл кешенде 4 мың тоннадай қызанақ пен қияр жиналған. Олар өз өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шығара бастады.

 

МЫРЗАБЕК БЕКМҰХАНОВ, ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Біздің продукция экспортқа Россияға шығады. Барнаул, Новосибирск, Омск, биыл Москваға дейін бардық.

Жылыжайдың іші сұйытылған газбен және электр қуатымен жылытылады. Инновациялық тәсілдерді қолданудың арқасында өнім көлемі жоғары. Биыл Алматы облысының үш бірдей ауданында ірі жылыжайлар кешені іске қосылмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер