Алдағы уақытта еліміздің өз чаты, яғни хат немесе басқа да ақпараттық материалдарды алмасуға мүмкіндік беретін мобильді коммуникациялық жүйесі болады, деп хабарлайды Қамшы.

Indigo24 деп аталатын жүйе қазіргі қолданыстағы WhatsApp, Wechat, Viber сынды танымал желілердің отандық түрі болмақ және оның ерекшелігі мен тиімділігі өте көп.

Басты ерекшелігі, хабарламаны уақыт белгілеу арқылы жіберуге, яғни ертеңгі уақытты жоспарлау арқылы алдын-ала жіберуге болады. Видеоконференциялар, тікелей эфирде байланысқа шығу сынды тетіктері іске қосылған. 

Сонымен қатар, ақша аударымдарын жүзеге асыруда банкомат карточкаларына, жеке есеп-шотқа жүйе ішінде аударымдар жасауға, комуналдық төлемдер мен сатып алу төлемдерін жасау кезінде, кинотеатр және өзге де жол жүру билеттеріне тапсырыс беруде кеңінен пайдалануға болады. 

Бір қызықтыратыны, like басу ақылы, яғни бір теңге болса, сізге басылған лүпілден есеп-шотыңызға сол ақша түседі. Бұл арқылы қайырымдылық шараларымен қатар басқа да пайдалы істерді жүзеге асыруға болады. 

Wechat, WhatsApp тәрізді желілердің бүкіл функциясы Indigo24 жүйесінде қамтылған. 

Болашақта бүкіл әлемдік қолданысқа шығару жоспарланған. Негізгі шет тілдерінің барлығы енгізіліп, аталған қызметтердің барлығын орындауға әзір алғашқы отандық бағдарлама болып табылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер