Қазақстандық ғалымдар Астанада өтетін EXPO-2017 аясында болатын «Болашақтың энергиясы» дүниежүзілік конгресіне дайындалып жатыр. Оған әлемнің 50 елінен 200-ден астам ғалым қатысады. Қазіргі таңда екі Нобель сыйлығының, үш «Ғаламдық энергия» халықаралық сыйлығының иегері, бірқатар мемлекеттің энергетика министрлері, ірі компаниялар мен инженерлік бірлестіктердің жетекшілері қатысатынын растаған. Екі күн бойы жер шарының беделді энергетиктері төрт негізгі тақырыпты талқылайды. Атап айтсақ әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейінгі болашағы мен даму сценариі, энергетикалық қауіпсіздік жаһандық энергетикалық ресурстар үдерісі мен ғылыми мамандармен қамтамасыз етілуі.

 

ГҮЛБАЗАР МЕДИЕВА, WSEC-2017 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІНІҢ БАС ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Барлық конгрестердің көбінде ғалымдар негізгі түбегейлі ізденістерін, фундаментальді зертеулерін қарастыратын болса бұл алаңда тек қана ғалымдар емес инженерлер де өздерінің қолымен жасаған қондырғыларын көрсете алады.

 

ЕХРО көрмесіне қазақстандық жастар да үлес қосады. Халықаралық шараны насихаттау мақсатында олар түрлі акциялар ұйымдастыруда. Мысалы, Ақтөбеде студенттер мен мектеп оқушылары жастар ұйымының өкілдері мен еріктілер халықаралық көрме тақырыбында сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасады. Ал жергілікті 100 ерікті арнайы курстан өтіп, ЕХРО қонақтарына қызмет көрсету үшін елрдаға аттанбақ. Сондай-ақ, халықаралық көрмеде Ақтөбеден 25 инновациялық жоба таныстырылады.

 

ДАНИЯ ЖҰМАҒАЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Түрлі бояуларды, бисер мен моншақтарды пайдаланып, жастар әдемі суреттер салып жатыр. Суреттерден байқағанымыз, жас ақтөбеліктер көрменің маңыздылығын түсінеді. Сырттан келетін қонақтарға тек әдемілікті көрсетіп, елімізді жақсы жағынан таныстырғылары келеді.

 

АЙСҰЛУ НӘЖМЕДИН, СТУДЕНТ:

 - EXPO-2017 біздің Қазақ елінің дамуына үлесін қосуда және ол осы елдің дамуына, туристердің келуіне көптеген үлес қосады. Біз бүгін сол EXPO көрмесіне шамалы үлес қосқымыз келіп, бүгін сурет салып жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер