Картинки по запросу whatsapp

WhatsApp-тың жаңа нұсқасы жіберілген хабарламаны редакциялауға және жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz.

WhatsApp мессенджерінің келесі нұсқаларында қолданушылар абайсызда немесе қателесіп жіберілген хабарламаларды өшіріп тастай алады.

WABetaInfo Twitter-шағын блогының мәліметінше, iOS арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жіберілген хабарламаны редакциялауға (Edit) немесе қайтарып алуға (Revoke) мүмкіндік пайда болды.

WhatsApp-тағы жазбаларды бұрын да жоюға болатын, бірақ хабарламалар сол құрылғыда ғана өшіп, чаттың қалған қатысушыларында сақталып қалушы еді. Бір айта кетерлігі, мұндай жаңашылдық мессенджердің қарапайым нұсқасы үшін қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер