Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин орбиталық кеме экипажының мүшесі ретінде ғарышқа аттанатын андроид-роботты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 

Ол өзінің Faceboоk-тегі парақшасына ресейлік роботтың сынақтан өткен видеосын жариялады.

 

«Тозығы жеткен мемлекет» роботты - орбиталық экипаж мүшесін шығарды», - деп жазды Рогозин. Сондай-ақ ол Перспективалы зерттеулер қорына С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясымен бірлесіп, аталмыш туындыны перспективалы басқарылатын кеме экспедициясына қатыстыру үшін бейімдеуден өткізуді тапсырғанын айтып өтті.

 

Бұған дейін, Ресей үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссия 2018 жылдан кейін Ресей армиясына жауынгерлік роботтардың жеткізіле бастайтынын хабарлаған еді.

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер