Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды. Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесе өткізген. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген. Оңтүстік  Корея, Грузия, Ресей, Украина  мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, жаңа әдіспен күрделі операциялар жасайды. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында мұндай шараның бірнешеуі жоспарда тұр.  Негізі, Ақтөбеде жыл басынан бері 4 рет бауыр алмастырудың ашық операциясы сәтті жасалды.

 

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАСШЫСЫ

Жалпы, 100 ден астам хирург келді кешеден бастап Ақтөбе қаласына. 8 шеберлік сағаттары өтіп, біздің Ақтөбе облысының тұрғындарына 35 өте күрделі операция орындалатын болады. 

 

Сурет: med-port.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер