Apple қызметкері журналистерге болжаммен iPhone 8 аталуы мүмкін смартфонның қандай болатынын айтып берді, - деп жазады tengrinews.kz, Business Insider сайтына сілтеме жасай отырып.

Қызметкердің айтуынша, Apple компаниясындағылар iPhone 7s моделін шығарудан бас тартуды жоспарлап отыр. Басылымның мәліметінше, iPhone 8 смартфоны iPhone 6s пен iPhone 7 смартфондарынан өзгеше болады. Осылайша инженерлер алдағы смартфонның дисплейін ешбір жақтаусыз шығармақ. Сондай-ақ, iPhone 8 камерасының сапасы жақсаратыны айтылады.

Ал MacRumors басылымының мәліметінше, Apple компаниясының жаңа смартфоны келесі жылы шығады және ол толықтай шыныдан жасалады. Сонымен қатар, смартфонның ешбір жақтаусыз болатыны айтылды.

Осыған дейін Apple компаниясының инженерлері келесі жылы Apple-де "Home" батырмасы болмайтынын айтқан еді. Айта кетейік, ол батырма 2007 жылдан бері барлық iPhone смартфондарында болды. Енді оның орнына басқа батырма болады екен.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Apple компаниясы iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырған еді. Олар - Phone 7 және iPhone 7 Plus смартфондары. Айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі деп құлаққапқа арналған 3,5 миллиметрлік жалғағышын айтуға болады. Бұл арқылы Lightning-коннектор және сымсыз қосу мүмкіндігі пайда болып отыр. iPhone 7 смартфонына су кірмейді және шаң жұқпайды. Мұның үстіне сыйымды батареясы бар. Камерасы жетілдіріліп, Home батырмасының жаңа қызметтері пайда болғаны айтылды. Phone 7 және iPhone 7 Plus смартфондарының бағасын мына жерден көре аласыздар.

 

Фото: youtube.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер