Америкалық Microsoft компаниясы Twitter желісін сатып алуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC телеарнасына сілтеме жасай отырып.

 

Телеарна мәліметінше, Twitter алдағы 35-40 күннің ішінде сатылуы мүмкін. Сондай-ақ хабарланғандай, Facebook әлеуметтік желісі сатылымға қызығушылық білдіріп отырған жоқ.

 

Бұған дейін Bloomberg агенттігі америкалық Disney компаниясы жуық арада Twitter-ді сатып алу ұсынысымен шығуы мүмкіндігін жазған болатын. Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Disney-дің қаржы кеңесшілері әлеуметтік желінің басшылығына ұсынуға болатын соманың көлемін анықтау үшін, желінің құнына бағалау жүргізу үстінде. Агенттік сондай-ақ, Twitter-дің тағы бір әлеуетті сатып алушыларының бірі Saleforce компаниясы болып табылатынын растады.

 

CNBC арнасы осыған дейін Twitter сатып алу туралы ұсынысты бірден бірнеше компаниядан алуы мүмкіндігін айтқан. Олардың арасында Google-ға иелік ететін Alphabet корпорациясы, Apple және магнат Руперт Мердокқа тиесілі 21st Century Fox холдингі бар.

 

Twitter әлеуметтік желісі - бұл қысқа хабарламалармен бөлісуге арналған микроблогтар сервисі. Оның ай сайынғы аудиториясы 300 млн. адамнан асып жығылады. Компанияның нарықтағы құны 14 млрд. долларды құрайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер