Өскемендік оқушылар тұрмыс қалдықтарын сұрыптайтын робот жасап шығарды. Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары ойлап тапқан құлтемір көмекшінің қармалауыштары гидравликалық негізде жұмыс істейді. Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын өңірде қоқыстарды араластырмай арнайы контейнерлерге бөліп тастау жөнінде жоба енгізілмек болған болатын. Бірақ иісі қолқаны қабатын іспен ешкімнің айналысқысы келмеген. «Енді жаңа роботтың көмегімен бұл бастаманы қайта қолға алуға мүмкіндік туып отыр» дейді коммуналдық мемекеме қызметкерлері. Олар жоба авторларымен кездесіп, қызығушылық туғызды. Енді қыздар роботты жетілдіре түспек ниетте. Сөйтіп тәжірибе жүзінде қолданысқа беріп, байқап көрмек.

 

Жанасыл БАҚЫТ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Біздің ойымызша ол әр үйдің жанына қойылуы керек. Себебі тұрғындар қалдықтарды контейнерге тастайды.  Ал робот оны артынша сұрыптап, іріктеп бөліп отырады.

 

Сергей КАЗАНЦЕВ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Әрине ыңғайлы болар еді. Біздің де жұмысымыз біршама жеңілдейді. Бір көлік қатты қалдықтарды алып кетсе, екіншісі басқасын тасиды. Жүзеге асса тиімді жоба болғалы тұр.

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер