Сингапурда автопилотпен жүретін әлемдегі ең алғашқы такси сынағы басталды. Жоба авторлары сервисті 2018-ші жылы толықтай іске қосуды көздеп отыр. Сынақ барысында адамдарға компанияның ұялы қосымшасын телефондарына жүктеп алып, ол арқылы автономиялық такси қызметін пайдалану ұсынылады. Осылайша, компания жұмыстағы олқылықтарды түзетіп, екі жылда нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Стартап авторларының бірі - Даг Паркер жүргізушісіз такси қызметі көлік санын азайтып, көше қозғалысын жүргізушілер мен жолаушылар үшін жайлы етуге септігін тигізеді деп сенеді. 

 

Сурет: autospynews.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер