Хабарландыру ілетін күн артта қалады. Енді астаналықтар судың қашан ажыратылып, жөндеу жұмыстарының қашан жүретіні сияқты тұрғын үйдегі барлық жаңалықтарды ұялы телефон арқылы біле алады. Бұл - елордалық бағдарламашылар ойлап тапқан тың жоба. Ол бірінші кезекте пәтер иелері кооперативінің жұмысын жеңілдетеді. Қосымшада тұрғылықты ауданда қандай балабақша дәмхана бар екеніне дейін көрсетіліп, тұрғын үй кешеніндегі соңғы жаңалықтар енгізіледі. Тіптен, тұрғындар лифтте тұрып қалса, қызмет көрсетушінің нөмірін де қосымшадан табады. Жоба авторлары бұл арқылы адамдардың уақытын үнемдеп, әрдайым өз тұрғылықты аумақтары жөнінде хабардар болуларын көздеген. Қосымша қыркүйектен бастап Астанада іске қосылады. Егерсәтті жүзеге асса,  өзге қала тұрғындары да қолданады деген жоспар бар.

 

Әлібек ХАЙРУЛЛИН ЖОБА АВТОРЫ:

 

Күнделікті тұрмысымыз жеңіл болуы үшін сол үшін ат салысып, өзіміздің қаражатымызды құйып, екі жыл уақыт жоғалтсақ та біз ойлаймыз әрі қарай да қыркүйек айынан бастап жалпылама кірісетін боламыз. Сол кезде бізде халықтарымыз риза болады деп үміттенеміз.

 

Сурет: www.youtube.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер