Бос жұмыс орынын іздеуге арналған мобильді қосымша іске қосылды.

Бос жұмыс орынын іздеуге арналған мобильді қосымша іске қосылды.

Астанада жұмыс іздеп жүргендерге арналған «CZ Астана» атты мобильді  қосымша іске қосылды. Жобаны Астана қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" таныстырды. Мобильді ақпарат орталығы елордалық жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге ақсыз қызмет етеді. Мұнда, бос жұмыс орындарын іздеп қана қоймай, кәсіби бағдарлауға қатысты сынақтан өтіп, жоспарланған жәрмеңкерлер мен даярлық курстары туралы мәлімет алуға болады. Мұнымен қоса, түйіндемені жазу, әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға жауап беру бойынша кеңестер, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері секілді ақпарат та осында.

 

Ермек ОСПАНОВ, "АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ" ММ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл қосымшаның авторы - кезінде өзі жұмыс іздеп бізге келген азамат, бұл мәселемен жақсы таныс адам. Бүгінгі таңда Астанада 3 жарым мың бос жұмыс орны бар. Бұл тізім апта сайын жаңартылып отырады. Мәліметтер базасын да дәл осындай уақытта жаңартып отырамыз деп ойлаймын.