Түрлі салада жаңалық енгізушілерге 6 млн теңге берілмек. 2005 жылдан бері өткізілетін Ұлттық инновациялық байқауының биылғы жүлде қоры осындай. Байқауға қатысу өтініші тамыз айына дейін қабылданбақ. Яғни, бірнеше аталым бойынша үздік инноватор атануға әлі уақыт бар. Үздіктер «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» және «Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс» аталымдары бойынша анықталмақ. Бұдан бөлек, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өнімдік, прогрессингтік және әлеуметтік инновация бойынша да үздіктер іріктелінетін болады. Инновацияның бұл 5 түрінде ерекшеленгендердің әрқайсысы 500 мың теңгеге ие болмақ.

 

Жандос ХАСЕН, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:

Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттікке жыл сайын осы бағдарламаға ақша бөлеміз. Яғни бұл бюджеттен кететін ақша деп саналады. Қазіргі уақытта бұл конкурстар бизнес пен халықты ынталандыру үшін жасалынып жатыр. Халық та, бизнес те тиісті деңгейде ынтасын білдірмей жатыр. 

 

 

 

Сурет: www.gastro.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер