Қазақстандық ғалым Жұмабай Бәкенов қуат үнемдейтін батарея жасап шығарды. Ғалымның Назарбаев университетінде қолға алған алғашқы жобасы дүниежүзілік банктің грантына ие болды. Пилоттық жобадағы батареялар бүгінде сатылымға түсті. Қуат үнемдейтін аккумулятор 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде көпшілік назарына ұсынылмақ. Келесі қадам - электромобильдерге арналған батарея саудасын бір ізге салу. Бірақ ол үшін өнертапқыштарға  3 - 10 млн доллар көлемінде қаржы қажет. Қыруар ақшаны ғалымдар инвестициялық конкурстарға қатысып, ұтып алмақ.

 

Жұмабай БӘКЕНОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Қазіргі уақытта қолданыста жүргендерге қарағанда мүмкіндігі әлдеқайда көп. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, мәселен қазіргі смартфондардың батареясына қарағанда 10 есе артық жұмыс істейді және қуатты ұзақ сақтай алады.

 

Оқу ордасында бұл күні 140-тан астам жоба қолға алынған. Ғалымдар Америка, Ұлыбритания, Австралия және Қытайдағы әріптестерімен де тығыз байланыста.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер